ШҰҒЫЛ! ДЕНЕСІН КҮЙІК ШАЛҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІҢ БАЛАСЫ ШЕТІНЕП КЕТТІ Толығырақ

Тәтті Махсотқызы Өтеғалиева -

   Өтеғалиева Тәтті Мақсотқызы - 1978 жылы 26 қыркүйекте БҚО Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосында дүниеге келген.  
    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  Мемлекеттік Университетінің тарих  факультетін (1997-2001) бітірген.
   1997-2002 жылдары «Дала дидары» телеарнасының редактор-жүргізушісі, 2002-2007 жылдары «Қаратөбе өңірі» газетінде тілші қызметін атқарды. 2007 жылдан «Қазақстан» РТРК АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы қазақ хабарлары бөлімінің редакторы қызметін атқарады.
    «Жаңа күн», «Атамекен», «Атамекен аясында», өнерлі адамдарға арналған «Ән Думан», қаланың тыныс тіршілігіне арналған «Жергілікті уақыт» секілді авторлық  бағдарламаларымен қатар, «Жандауа», «Жансәулесі», «Нысана»  арнайы репортажында да қоғамдағы ең өзекті проблемаларды тақырыпқа арқау етіп жүр.