ШҰҒЫЛ! "КУБЛЕЙ" ЖШС ҚОЙ ЕТІН ИРАНҒА ЭКСПОРТТАЙ БАСТАДЫ Толығырақ

Жігер Ерғалиұлы Құмаров -

Кумаров  Жигер Ергалиевич -  1985 жылы 17 маусымда Ақжайық ауданы Тінәлі ауылында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  университетін музыка пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген (2002-2006ж). Қазір Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласындағы Б.Бишеналиев атындағы институттың «ТВ және радио режиссері» мамандығы бойынша 4 курс студенті.
2008 жылдың 19 ақпанынан бастап «Қазақстан-Орал» телеарнасында дыбыс режиссері, 2010 жылдан режиссер, қазіргі уақытта аға режиссер қызметін атқарады. Дәстүрлі ән бойынша Халықаралық, Республикалық (Қарағанды, Атырау, Алматы, Астана қалалары) конкурстардың лауреаты. 2013 жылы «Қуатты Қазақстан - 2050» телекөпіріндегі үздік режиссерлік жұмысы үшін бірінші дәрежелі дипломмен және қала әкімінің (2014), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (2015 ) дипломдарымен марапатталды. Үйленген, 2 ұлы бар.