ШҰҒЫЛ! ДЕНЕСІН КҮЙІК ШАЛҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІҢ БАЛАСЫ ШЕТІНЕП КЕТТІ Толығырақ

Асыланбек Зиннатұлы Ғұбашев -

Асыланбек Зиннатұлы Губашев - 1967 жылы  13 тамызда БҚО- ның Нұрсай ауылында дүниеге келген.Қазақ Мемлекеттік

Университетінің журналистика факультетін (1984-1989), «Евразия» тілдер және менеджмент Академиясын (2006-2008) бітірген. Мамандығы: журналист, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері.

1989 жылы БҚО телерадиокомитетінің редакторы жұмысына қабылданды. Кейін аға редактор, қазақ хабарлары редакциясының бас редакторы болып жұмыс істеген. 2001 жылдан филиал директоры.

Бірнеше деректі фильмдердің авторы.

Ол «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен наградталған. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен және  ҚР Төтенше Жағдайлар Министрлігінің «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен марапатталған.