Жымпитылық немістер

 Облыстық филиал ұжымы ”Жымпитылық немістер” атты телевизиялық фильмін 2006 жылы түсірді.Фильмде жер аударылған қазақстандық немістердің тарихы,олардың  Батыс Қазақстан  облысына оның ішінде Жымпиты ауданына келіп қоныстануы және жергілікті халықпен біте қайнасып  осы кезге дейін тату-тәтті жарасымды тірлік кешіп келе жатқандары көрсетіледі.Қазақ халқының тілін,салт-дәстүр,әдет-ғұрпын еркін меңгеріп кеткен немістердің сол зұлмат жылдары өздерін жатсынбай бауырына басқан қазақ халқына қашанда ризашылық сезімде екендіктері  бейнеленген.

  

Фильмнің авторы: Гүлмира Тілеубаева,

Режиссері: Нағима Тухватуллина.

Операторлары: Руслан Ғазизов,Болат Жарылғасов.

Бейнемонтаж: Есенжан Қонашев,

Дыбыс режиссері: Ерлан Отар.

 

«Қазақстан-Орал» телеарнасының ресми сайты

090000, Орал қаласы, Н.Сыдықов көшесі, 1-үй (телевизия) Байланыс телефондары: 8 (7112) 514151