ШҰҒЫЛ! ОРАЛДА ТАПА ТАЛ ТҮСТЕ ТӨБЕЛЕС БОЛДЫ Толығырақ
background background

"Даланың дархан дарыны"

Даланың дархан дарыны-demo

Даланың дархан дарыны-demo

18:45, 10 ақпан 2015

Хамза Есенжановтың 100 жылдығына арналған деректі фильм. Фильмде жазушының «Ақжайық» трилогиясы негізге алынды.

Фильмді дайындау барысында телеарна ұжымы түсірілім жұмыстарын Хамза Есенжановтың  туған жері Шалқар көлінің жағасынан бастап, Алматы қаласындағы тұрған үйін, Жазушылар одағын, Алматының жанындағы бейіті, ақынның шығармаларына арқау болған табиғат көріністерін де назардан тыс қалдырмады. Сонымен қатар қазақ радиосының «Алтын қорынан» Хамза Есенжановтың, оның жұбайы София Жақияқызының дауыстары, «Қазақстан» РТРК АҚ бейнеқорынан да бірқатар материалдар алынды. Фильмнің мазмұнын ашуда  Нұрлан Оразалин, Оразбек Сәрсенбаев, Дулат Исабеков, Ақұштап Бақтыгереева, Хамза Есенжановтың келіні Дина Әнесқызы, Айтқожа Биғалиев ақынның азаматтық болмысын, адамгершілік қасиетін жан-жақты әңгімелеп,  оның шығармаларына талдау жасады.

Фильмді дайындағандар:

Идея авторы:         Асыланбек Ғұбашев

Авторы:                  Гүлжан Көнеева

Режиссері:               Нағима Тухватуллина

Операторы:             Руслан Ғазезов

Бейнемонтаж:         Наурыз Халитов

Дыбыс режиссері: Махамбет Қансұлтанов 

Өзге де бағдарламалар

Өтелген парыз

Өтелген парыз

Аққұмнан шыққан ақ берен

Аққұмнан шыққан ақ бер...

"Нар тұлға"

"Нар тұлға"

"Алаштан ән оздырған Қатимолла"

"Алаштан ән оздырған Қ...