"Нар тұлға"

Фильм 2008 жылы Тайыр ақынның 100 жылдығына орай түсірілді.  Фильмде бала Тайырдан ақын Тайырдың өсіп-өркендеуі, шығармашылық ортасы, қаламынан туған туындылар, оның мазмұны толық қамтылды. Түсірілім жұмыстары Тайыр Жароковтың туған жері Нарын құмынан бастап, Алматы қаласындағы тұрған үйін, Жазушылар одағын, Алматының жанындағы бейіті, ақынның поэмаларына арқау болған табиғат көріністерін де назардан тыс қалдырмады. Сонымен қатар қазақ радиосының «Алтын қорынан» Тайыр Жароковтың дауысы, «Қазақстан» РТРК АҚ бейнеқорынан да бірқатар материалдар алынды. Фильмнің мазмұнын ашуда  Тұманбай Молдағалиев, Ғарифолла Көшенов, Есенғали Раушанов, Дулат Исабековтер ақынның азаматтық болмысын, адамгершілік қасиетін жан-жақты әңгімелеп,  оның шығармаларына талдау жасады.

 

Фильмді дайындағандар:

Идея авторы:          Асыланбек Ғұбашев,

редакторы:                Артур Мағзомов,

режиссері:                 Ләйлім Отарова,

Операторы:                Руслан Ғазезов,

                                       Ринат Садыров,

Бейнемонтаж:            Есенжан Қонашев,

Дыбыс режиссері:   Махамбет Қансұлтанов.

«Қазақстан-Орал» телеарнасының ресми сайты

090000, Орал қаласы, Н.Сыдықов көшесі, 1-үй (телевизия) Байланыс телефондары: 8 (7112) 514151