Соғыс жаңғырығы

Дүниежүзін дүр сілкіндірген 1941-1945 жылдар аралығындағы сұм соғыстың зардабы қазақ жерін де айналып өткен жоқ. Әрбір төртінші қазақстандық майданға аттанып, неміс фашистерімен жан аямай айқасты.  Жәнібек ауданы Ұлы Жеңіске бастау берген әйгілі «Сталинград шайқасының» ең жақын тылы болды. Мұндағы теміржол арқылы майданға қажетті техника мен қару-жарақ, азық-түлік жеткізіліп отырды. «Соғыс жаңғырығы» атты деректі фильмде сол қанды шайқаста Отаны үшін жауымен арпалысқан соғыс және тылдың бар ауыртпалығын көтерген  ардагерлер, зұлмат жылдардың куәгерлері, тарихшылар сұхбат береді. Соғыс жылдарында саяси маңызға ие болған әлеуметтік нысандар мен тың деректерге толы мұрағат құжаттары да көрерменге ұсынылады. Фильм 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, Ресей Федерациясының Волгоград қаласында өткен ҮІІ халықаралық «Вечный огонь» телефильмдер мен бағдарламалар фестивалінде І орынға ие болды.

Фильмнің авторы және редакторы: Жидегүл Аманғали

Режиссері :Жігер Құмаров

Операторы:Тарас Қажымов

Дыбыс режиссері: Тұрар Разғалиев

Бейнемонтажы :Гүлзада Жұмаева

Мұрағат меңгерушісі: Рабиға Мұқанғалиева

 

«Қазақстан-Орал» телеарнасының ресми сайты

090000, Орал қаласы, Н.Сыдықов көшесі, 1-үй (телевизия) Байланыс телефондары: 8 (7112) 514151