Жалпақталдық жастардың жасырын ұйымы

Телевизиялық фильмде 37 мен 41-дің қаралы жылдарында қазақ зиялыларын қуғын-сүргінге ұшырауына жол бермеу бағытында құрылған жасырын жастар ұйымы туралы баяндалады. «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» деген ұйым құрған өрімдей 14 жастың ұлы мақсаттағы істері араларына сенімге ие боп кірген сатқынның кесірінен бір түнде әшкере болды. Алды ату жазасына, соңы 5 жылдан 10 жылға дейін сотталып, айдауларда болды. Бүгінде осынау ер мінезді жандардың ұрпақтары қылышынан қам тамған кеңес дәуіріндегі олардың қайсарлығы мен табандылығын үлкен мәртебемен еске алады.

Фильм авторы: Гүлжан Көнеева,

Редакторы: Гүлмира Тілеубаева,

Режиссері: Нағима Тухватуллина,

Дыбыс режиссері: Махамбет Қансұлтанов,

Операторы:Руслан Ғазезов, Юрий Серов,

Бейнемонтаж:Нұржан Ғимранов.

«Қазақстан-Орал» телеарнасының ресми сайты

090000, Орал қаласы, Н.Сыдықов көшесі, 1-үй (телевизия) Байланыс телефондары: 8 (7112) 514151