ШҰҒЫЛ! СОТ ЖҮЙЕСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

АҚЫННЫҢ ТОЙЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРАЛАРМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

16:47, 30 қараша 2019

Алашқа аты мәлім ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі Бауыржан Халиолла қырық жасқа толды. Аймақ басшысы Ғали Есқалиев қарымды қаламгермен кездесіп, мерейжасымен құттықтады. Облыс әкімі елге сыйлы азаматтың шығармашылығына табыс тіледі. Ал, мерейтойлық іс-шаралар Бауыржан Халиолланың туған ауылы Қособадан бастау алды. Алақандай ауылға алыстан ат терлетіп Асанәлі Әшімов, Жүрсін Ерман, Алтынбек Қоразбаев сынды қазақтың марғасқалары бастаған өнер майталмандары арнайы келді. Сондай-ақ, бұл күні Жымпиты жерінде Жүрсін Ерман атындағы айтыс мектебінің тұсауы кесілді. Туған жерден басталған тағылымды шаралар облыс орталығында түйінделді. Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында да «Таң менен бесін арасы» атты шығармашылық әдеби-сазды кеш өткізілді. Екі сағатқа созылған жыр кеші, зал толы әдебиет сүйер қауымды зор әсерге бөледі. 

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо #айтыс

Тақырып бойынша материалдар

АҚСАЙДА КАРАТЭДЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
21:27, 26 ақпан 2020
АҚСАЙДА КАРАТЭДЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН ШАРАЛАРЫНА ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАДЫ
20:33, 26 ақпан 2020
ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН ШАРАЛАРЫНА ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАЛПАҚТАЛ ҚАЛАШЫҒЫ ӨЛКЕТАНУШЫЛАР КӨЗІМЕН
21:14, 21 ақпан 2020
ЖАЛПАҚТАЛ ҚАЛАШЫҒЫ ӨЛКЕТАНУШЫЛАР КӨЗІМЕН
Толығырақ...
ДАҢҒЫЛҒА АБАЙ АТЫН БЕРУ ҰСЫНЫСЫ ҚОЛДАУ ТАПТЫ
20:46, 24 ақпан 2020
ДАҢҒЫЛҒА АБАЙ АТЫН БЕРУ ҰСЫНЫСЫ ҚОЛДАУ ТАПТЫ
Толығырақ...