
Облыстағы Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 54 адамтәрбиеленеді. Олар - мүмкіндігі шектеулі және ерекше күтімді қажет ететін балалар. Кейінгі кезде әлеуметтік орталықтың жұмысына қатысты сын-ескертпелер көп айтылуда. Сол себепті арнайы құрылған мониторинг тобы мекемеде тексеру жүргізген болатын. Тексеру қорытындысы туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Сатхан Төлегенов айтып берді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо