
Пара беру мен парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу дерегі үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұл туралы БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Рустам Ақмырзаев өткізген брифинг барысында жан-жақты әңгіме болды. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі маңызды заңнамалық шаралар қабылданды. Президент өткен жылдың соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық Заңға қол қойған еді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо