
Жерлесіміз Даниял Сәбит Шымкент қаласында өткізілген ел чемпионатында жеңімпаз атанып, талайды таңдай қақтырды. Сала мамандары да 18 жасар спортшының бұл жеңісін сенсацияға балаған еді. Өткен демалыс күндері ел мақтанышы Данияр Елеусінов кәсіби рингте мықтылығын мойындатса, ізін басқан жерлесіміз Даниял әуесқой бокста Ақжайық өңірінің жұлдызын жарқыратты. Ересектер арасындағы дүбірлі додаға тұңғыш рет қатысып, туған өлкеге олжалы оралған спортшыны ақжайықтықтар зор қуанышпен қарсы алды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо