
Қалың қар, бұрқасын, аяз, тұман және көктайғақ. Қыс басталғалы табиғаттың тосын мінезі өңір халқын әбден әуре-сарсаңға салды. Тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-шағымдар да толастамай жатыр. Осыған орай «Сапалы жол-адалдық алаңы» жобасы аясында Ұлттық жол активтері сапасы орталығы қызметкерлері облыстық және республикалық маңызы бар жолдарға 10 тексеру жүргізген. Оның үшеуіне кемшіліктерді жою туралы нұсқаулар берілді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо