
Аманғали Жидегүл, редактор
1986 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келген. 2011 жылдан бастап "Қазақстан Орал" арнасында тақырыптық хабарлар бөлімінің редакторы болып қызмет жасайды. Қазіргі уақытта "Замансөз" ток-шоуының, "Тәуелсіздік -тұғырым", "Біздің қала", тікелей эфирдегі "Заңға сүйен" хабарларының авторы және жүргізушісі.
2009 жылы БҚО бойынша "Жылдың үздік жас тілшісі" номинациясының иегері, 2015 жылы Ресейде өткен ҮІІ халықаралық "Вечный огонь" телефильмдер мен телебағдарламалар байқауында "Соғыс жаңғырығы" атты деректі фильмімен жеңімпаз атанды. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
"Әркім өзі талпынбақ, басына бітер бағы үшін" деген Ақтамберді жыраудың сөзі - өмірлік ұстанымы. «Ұлтыңды сүю, сол сүйіспеншілікті жалған ұранмен емес, нақты іспен дәлелдей білген жөн. Ол үшін әрқайсымыз жан-жақты білімді, білікті маман, өз кәсібіміздің шебері атануымыз тиіс" деп есептейді. Қай істі қолға алсаң да, салқын сабыр, кемел сенім болуы керек деп біледі.
ДАУЫС БЕРУ ҮШІН: http://vote.kaztrk.kz/07.php?enter=voice&id=7