ШҰҒЫЛ! АМАНЖОЛ ЗИНУЛЛИН ӨМІРДЕН ӨТТІ Толығырақ

Балмолда Мұнайдар: Телеарнада бар тіршілік - тынысым

17:15, 19 сәуір 2016

Балмолда Мұнайдар, редактор

1969 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында дүниеге келген. 1993 жылдан бері «Қазақстан Орал» арнасында қызмет етіп келеді. «Атамекен», «Тарихтан тағылым» бағдарламаларының және бірнеше деректі фильмнің, қысқа метражды көркем фильмдердің авторы. Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі. «Тіл жанашыры» төсбелгісімен марапатталды. Ақын, жазушылық және кинорежиссерлік қырынан да көпшілікке танымал.

Арқамызда жиырма үш жыл жұмысым,
Телеарнада бар тіршілік - тынысым.
Аттан түспей атамекен шарлаймын,
Сары дала, бүкіл адам туысым, - деп бұл салаға келгеніме де біраз уақыт өтсе де, бәрі күні кешегідей көз алдымда. Сөз жоқ, аға буыннан үлгі-өнеге алдық. Өз сүрлеуімізді салдық. Сөйтіп, бүгінде өзіміз де іс-тәжірибе жинаған журналистер сапына енгендейміз. Әйтсе де, бір оқиға менің тележурналист болуға деген сенімімді нығайта түскені бар. 1993 жылы, яғни осы салаға келген кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан сұқбат алғаным есімде. Аяқ астынан микрофон істемей қалып, камераның өзіне жазуға тура келді. Микрофонды жай ұстап, Президентті сөзге шақырамын, ол кісі қолымдағының камераға жалғанбағанын байқап қалып, жай ғана ескерткен, мен жағдайды түсіндіріп, керекті сұқбатымды жазып алдым. Осы бір сәт неге екенін қайдам маған күш берді. Бұл менің жұмысым деп білдім. Содан бері біраз бағдарламарды еңсеріп, деректі және көркем фильм, қыруар тарихи бағдарламалар түсіріппіз. Өмірдегі басты ұстанымым  ұлтқа қызмет ету, рухты жалау қылып, қандай ма қиындық кездессе де алған беттен таймай еңбек ету!

ДАУЫС БЕРУ ҮШІН: http://vote.kaztrk.kz/07.php?enter=voice&id=7

 

Тақырып бойынша материалдар

Павлычева Нина: Верить — самоутверждаться — мечтать
17:27, 19 сәуір 2016
Павлычева Нина: Верить — самоутверждаться — мечтать
Толығырақ...
Утепкалиев Ержан: Судьба каждого человека в его собственных руках
17:26, 19 сәуір 2016
Утепкалиев Ержан: Судьба каждого человека в его собственных...
Толығырақ...
Нығмет Айбек: «Уверенность в себе развивается только в результате выполнений обязательств, данных себе»
17:25, 19 сәуір 2016
Нығмет Айбек: «Уверенность в себе развивается только в резул...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар