
Есмағұлова Арайлым, жүргізуші - редактор
1988 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген. 2013 жылдан бері «Қазақстан Орал» арнасында қызмет етіп келеді. Тікелей эфирдегі «Күншуақ» және «Ғибрат» бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі. Арнайы хабарлардың, «Ақжайық» ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі есебінде танылды.
Дана Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген сөзі әркез жадында жүретін Арайлым Маратқызы табысқа жету жолында тынымсыз еңбек ете білетін жан. «Өзіңді өзің тәрбиелемесең, қай істе болмасын өжеттілік жасай алмайсың» деген принцип те оны ұдайы алға жетелейді.
ДАУЫС БЕРУ ҮШІН: http://vote.kaztrk.kz/07.php?enter=voice&id=7