
Ас атасы - нанның қадірін тереңнен ұғынған халық болғанымызбен, нан бағасы күн санап шарықтап барады. Кешелі бері көпшіліктің сұранысына ие нанның бағасы бірден біраз дүкендерде 10-20 теңгеге қымбаттады. Енді тұрғындар халық көп тұтынатын нан өнімін 119-120 теңгеге сатып алуға мәжбүр. Ал, 80 теңгеге бірінші сұрыпты ұннан дайындалатын әлеуметтік нанды ғана алуға болады.