ШҰҒЫЛ! ЖАЙЫҚ ЖЫЛАП АҒАДЫ Толығырақ

Өнімнің 90 пайызы экспортталады

18:10, 16 қыркүйек 2015

Өнімнің 90 пайызы экспортталады

Мемлекеттен қолдау тапқан өндірісте өнім шығару жүйелі жүзеге асырылуда. Біздің мақсатымыз, халықаралық деңгейде бренд құру, Қазақстанда ғылыми-өндірістік және инженерлік-технологиялық потенциал орнату дейді зауыттықтар. Зауыттағы 8 цехтың бүгінде 7-і толыққанды жұмыс ырғағына көшкен. Еуропа елдерінде шығарылған жоғары технологиялық станоктар мен автоматтандырылған желі арқылы трансформатор құрастырылады. Бүкіләлемдік сауда ұйымына ену үшін жоғары қарқынды бәсекелестікке төтеп беру бірінші міндет. Ол үшін өндіріс көлемін арттыра отырып, сұранысқа сай сапалы өнім шығару керек. Қазір зауытта құрастырылатын гермеитикалық трансформатор ТМД елдерінде Белоруссиядан соң тек біздің елде шығарылады.

Қазір зауытта 150-дей адам еңбек етсе, солардың 100-ден астамы жергілікті мамандар. Солардың бірі Мерген Байманов. Зауыт ашылғанда алғаш болып еңбекке араласқан ол бір трансформатор құрастыру үшін шикізат барлық цехтан өтіп шығады дейді. Ал, содан соң арнайы зертханадан өткізілген дайын өнім тұтынушыға жөнелтіледі.

Кадр дайындау мәселесі де өзінің оң шешімін тапты дейді зауыт басшылығы. Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласындағы әріптестермен келісім-шарт негізінде зауыт жанындағы колледжде мамандарды оқыту, біліктіліктерін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Қазір олардың алғашқы легі осы жерде қызметке кіріскен. Солардың бірі Әділбек Жасұланов. Шеберлігін шыңдап, білімін жетілдірген ол өзіне сеніп тапсырылған станокты ұршықша иіріп әкеткен.

Сәуір айынан бері зауытта 300-ден астам трансформатор құрастырылған. Оның ішінде Қазақстандық үлес 80 пайызға жеткен. Күн санап, өзіміздің отандық өндірістің көкжиегі кеңеюде. Өнімнің 90 пайызы сыртқа экспортталса, қалғаны еліміздің батысындағы аймақтарға және қостанай облысына жөнелтіледі.

2017 жылы зауыт толық қуатпен жұмысқа кіріскенде өндірілетін өнім де еселене түспек. Соған сәйкес жаңа жұмыс орындарын ашу да көзделген. Сол кезде зауыттағы жұмысшылардың саны 600-ге дейін жетіп, жылына орта есеппен 12 мың дана трансформатор құрастыру жоспарланып отыр.

 

 

 

Ақболат МҰСТАЖАПҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

БЕТОН ӨНІМДЕРІ ЗАУЫТЫ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫН АРТТЫРДЫ
22:19, 3 шілде 2017
БЕТОН ӨНІМДЕРІ ЗАУЫТЫ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫН АРТТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар