ШҰҒЫЛ! ЖАЙЫҚ ЖЫЛАП АҒАДЫ Толығырақ

Мемлекеттік қолдау аясында шаруасын өрге бастырғандар арта түсуде

10:40, 25 ақпан 2015

2014 жылы облыс бойынша шағын несие алған 506 адам ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салалары бойынша жобаларын жүзеге асырған.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы»  Анар тәрізді көптеген жанның жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.     Өткен жылы облыс бойынша 6786 адам бағдарламаның түрлі бағыттары бойынша қолдау тапты. Жыл көлемінде 7314 адам еңбекпен қамтылса, оның 6536-сы тұрақты жұмысқа орналасқандар. Мемлекеттік бағдарлама халықтың әл -ауқатын жақсартуға, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге  зор септігін тигізіп отыр.

2014 жылы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген 4млрд 280млн теңге толықтай игерілді. Әлеуметтік салада нысандар бой көтеріп, көптеген ғимараттар күрделі жөндеуден өткізілді. Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі бойынша 3мыңға жуық адамның еңбекпен қамтылғандығын да айта кеткен жөн. Ауылдағы ағайын мал басын көбейту, өсімдік шаруашылығын дамыту мен өнімдерді өңдеу саласында жобаларын жүзеге асырса, қала тұрғындары қызмет көрсету, жиһаз өндірісін ұйымдастыруда белсенділік танытты. Еңбек етемін деген жанға мол мүмкіндіктер ұсынған бағдарлама биыл да жалғасын табады.

Сала мамандары соңғы жылдары құрылыс индустриясы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тұрмыстық  қызмет көрсету бойынша  жобалардың  көбейгенін айтады. Бұл өңірдегі кәсіпкерлік әлеуетті арттыруға мемлекеттік бағдарламаның ықпалы зор екенін көрсетіп отыр. 

Клара Қамбетова

Тақырып бойынша материалдар

БЕТОН ӨНІМДЕРІ ЗАУЫТЫ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫН АРТТЫРДЫ
22:19, 3 шілде 2017
БЕТОН ӨНІМДЕРІ ЗАУЫТЫ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫН АРТТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар