ШҰҒЫЛ! ЖАЙЫҚ ЖЫЛАП АҒАДЫ Толығырақ

Көршілес екі облыстың кәсіпкерлері бас қосты

18:10, 24 шілде 2015

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық пен өзара сауда-экономикалық қарым-қатынастың тамыры тереңде жатыр. Ғасырлар бойы қалыптасқан осы дәстүр екі елдің тәуелсіздік алған жылдары жаңаша дамыды. Тек 2014 жылы біздің облыс пен Ресесй арасындағы өзара тауар айналымы 605 миллион АҚШ долларына жетіпті. Ал, Қазақстандағы жалпы импорттың 4-тен 1-ін көрші елдің тауары құрайды.

Халықаралық «Неплюев» медиа-холдингінің президенті Андрей Саблин өз сөзінде холдингтің басты мақсаты Еуразиялық интеграциялық жобаларды жүзеге асыру және әлемдік кеңістіктегі бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру екендігіне тоқталды. Орынбор облысынан келген мәртебелі мейман бірігіп-бірлескенде ғана жоғары жетістікке жол ашылады дейді.

Кездесуде екі облыстың кәсіпкерлері сөз алып, бүгінгі күні табысқа жетудің жолдары, кездесетін кедергілерді жою, өзара тығыз әріптестік пен ұзақ мерзімді серіктестік орнату жолдарын талқылады. Тауар өндіру мен оны өткізу, тұтынушыны сапалы өніммеен уақытылы қамтамасыз ету де сөз болды.

Кездесуде «Союз» сауда үйінің бөлімін Орал қаласында ашу ұсынысы ортаға салынды. Кәсіпкерлер палатасының біздің аймақтағы өкілдері жергілікті билікпен бірлесе отырып, бұл ұсынысты іске асыруға дайын екендіктерін айтты. Ал, бас қосу соңында тараптар өзара түсіністік пен әріптестік туралы ортақ меморандумға қол қойды.

 

 

Ақболат МҰСТАЖАПҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

БЕТОН ӨНІМДЕРІ ЗАУЫТЫ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫН АРТТЫРДЫ
22:19, 3 шілде 2017
БЕТОН ӨНІМДЕРІ ЗАУЫТЫ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫН АРТТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар