
Инсульт -ғасыр дерті. Дәрігерлердің айтуынша бұл ауру жасарып бара жатқанға ұқсайды. Өйткені соңғы жылдары жасөспірімдердің емханаға көмекке жүгінулері артып отыр.Бір ғана мысал күніне қалалық көпбейінді ауруханаға 5- тен 17 адамға дейін келіп түседі. Бүгін – 29 қазан Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні. Осыған орай біздің арна тілшілері қалалық аурухананың невроинсульт бөлімшесінде болып, дәрігерлер және ем -дом алушылармен сұқбаттасып келді.Тақырыпты әріптесім Л.Елеу тізгіндейді.