ШҰҒЫЛ! АМАНЖОЛ ЗИНУЛЛИН ӨМІРДЕН ӨТТІ Толығырақ

Джеки Чан Астанадағы Қытай киносының фестивалін ашады!

12:33, 5 маусым 2017

2017 жылдың 7 маусымында «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанаты өтеді.

Бұл шараның бас ұйымдастырушылары - «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы. 

Қытай киносы фестивалінің Қазақстандағы күндері ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі мен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Фестивальдің арнайы қонағы ретінде әлемдік кинематографияның жұлдызы, қытай актері, кинорежиссер, кинопродюсер – Джеки Чан болмақ. 

Осы шарада Джеки Чан көрермендерге «Кунг-фу Йога» атты фильмін тарту етпек. Бұл фильмде ол басты кейіпкер - Джеки атты қытай археологын сомдап шықты. 

Айта кетсек, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.

 


Источник: http://kaztrk.kz/news/portal/dzheki-chan-astanadagy-qytai-kinosynyn-festivalin-ashady-95627
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на http://kaztrk.kz

Тақырып бойынша материалдар

«QAZAQSTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТАПСЫРЫСЫМЕН ТҮСІРІЛГЕН «БАЛЕТ. БЕКЗАДА ӨНЕР БЕСІГІ » ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
17:25, 22 қараша 2017
«QAZAQSTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТАПСЫРЫСЫМЕН ТҮСІРІЛГЕН «БАЛЕТ. БЕ...
Толығырақ...
ЖАПОНДЫҚ «NHK» ТЕЛЕРАДИОКОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН АСТАНА ЖАЙЛЫ БАҒДАРЛАМА КӨРСЕТТІ
16:39, 25 қазан 2017
ЖАПОНДЫҚ «NHK» ТЕЛЕРАДИОКОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН АСТАНА ЖАЙЛ...
Толығырақ...
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ
17:27, 17 қазан 2017
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар