
Аймағы: Батыс Қазақстан облысы Туған күні: 03.07.1994 Бойы: 175 см Салмағы: 90 кг
Биыл финалдық кездесулер 2 шілде күні «Барыс Аренада» өтеді. Соңғы жылдары жарыс «Сарыарқа» велотрегінде және «Дәулет» спорт кешенінде өткен болатын. Сондай-ақ, тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады. Еске салайық, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі биыл жетінші рет өтпекші. Осы жарыста үш рет Бейбіт Ыстыбаев жеңіске жетті. Сонымен қатар, Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсыновтар жеңімпаз атанды.