ШҰҒЫЛ! 16.04.2021 COVID-19 ДЕРТІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА ҚАЛЫПТАСҚАН ЖАҒДАЙ Толығырақ

«Қазақстан барысы 2017» турнирінің марапаттау рәсімі

11:47, 3 шілде 2017

Марапаттау рәсімінде қола жүлде иегері Айбек Нұғымаровқа белбеуді және оның бапкеріне сертификатты «Нұр Отан» партиясының жауапты хатшысы Қаныбек Жұмашев және Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Сәрсен Құранбек, сондай-ақ, қазақтың даңқты палуаны Дәулет Тұрлыханов табыстады.

 

2017 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері Ұлан Рысқұл мен оның бапкеріне жүлделерді «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин, Халықаралық қазақ күрес федерациясының бірінші вице-президенті, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров және ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев табыс етті.

 

Ал, «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиевті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті Қанат Бозымбаев марапаттады.

 

Еламан Ерғалиев осымен Қазақстанның бесінші барысы атанды. Жеңімпазға алтын белбеумен қатар, алтын тайтұяқ та берілді.

 

Жеңімпаздарға берілген ақшалай жүлделер төмендегідей:

 

ІІІ орын - 1 800 000 теңге;

Бапкеріне - 900 000 теңге.

 

ІІ орын - 5 500 000 теңге;

Бапкеріне - 1 800 000 теңге;

 

І орын - 25 000 000 теңге;

Бапкеріне - 3 500 000 теңге.

 

 

 

 

Источник: http://kaztrk.kz/news/qazaqstan-barysy-2017/qazaqstan-barysy-2017-turnirinin-marapattau-rasimi-video-97051
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на http://kaztrk.kz

Тақырып бойынша материалдар

«QAZAQSTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТАПСЫРЫСЫМЕН ТҮСІРІЛГЕН «БАЛЕТ. БЕКЗАДА ӨНЕР БЕСІГІ » ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
17:25, 22 қараша 2017
«QAZAQSTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТАПСЫРЫСЫМЕН ТҮСІРІЛГЕН «БАЛЕТ. БЕ...
Толығырақ...
ЖАПОНДЫҚ «NHK» ТЕЛЕРАДИОКОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН АСТАНА ЖАЙЛЫ БАҒДАРЛАМА КӨРСЕТТІ
16:39, 25 қазан 2017
ЖАПОНДЫҚ «NHK» ТЕЛЕРАДИОКОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН АСТАНА ЖАЙЛ...
Толығырақ...
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ
17:27, 17 қазан 2017
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АДАМЗАТТЫҢ ҒАРЫШҚА АЯҚ БАСҚАНЫНА - 60 ЖЫЛ
23:54, 12 сәуір 2021
АДАМЗАТТЫҢ ҒАРЫШҚА АЯҚ БАСҚАНЫНА - 60 ЖЫЛ
Толығырақ...
КИІК МҮЙІЗІНІҢ ІРІ ПАРТИЯСЫМЕН ҰСТАЛДЫ
23:44, 12 сәуір 2021
КИІК МҮЙІЗІНІҢ ІРІ ПАРТИЯСЫМЕН ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...