ШҰҒЫЛ! ҒҰМАР ҚАРАШТЫҢ ӨМІРДЕН ӨТКЕНІНЕ 100 ЖЫЛ Толығырақ

«Қазақстан» РТРК» АҚ жариялаған Сағат Әшімбаев атындағы стипендия иегері анықталды

16:18, 12 мамыр 2017

«Қазақстан» РТРК» АҚ танымал қоғам қайраткері, публицист, тележурналист, әдебиет сыншысы, Қазақ КСР Мемлекеттік телерадиокомитетінің бұрынғы төрағасы Сағат Әшімбаевтың еңбегі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында журналистика факультетінде оқитын студенттер арасында байқау жариялаған болатын. Бүгін «Қазмедиа» орталығында жоба жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті.

Шараға «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин, белгілі жазушы-публицист, Сағат Әшімбаевтың үзеңгілес досы Алдан Смайыл, және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің комитет төрағасы, Сағат Әшімбаевтың ұлы Мәулен Әшімбаев қатысты.

 

«Шараның мақсаты – елімізге белгілі тұлғалардың есімін тағы бір жаңғырту, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету. Сағат Әшімбаев - сыншы ретінде де, журналист ретінде де қоғамға танымал тұлғалардың бірі. Кезінде авторлық «Парыз бен қарыз» хабары арқылы рухани санаға сілкініс жасағаны белгілі. Сондықтан, бүгінгі байқау - біз үшін үлкен маңызы бар оқиға», - деді шара барысында сөз алған «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин.

 

Байқауға 1 ай ішінде 13 жоғары оқу орынан 33 құжат келіп түскен. Комиссия жұмыстарды саралай келе, 6 студентті екінші кезеңге шығарды. Комиссия құрамында ҚР Президенті телерадиокешенінің Бас директоры, тележурналист Ерлан Бекхожин, белгілі кинорежиссер Ермек Тұрсынов, «Қазақстан» РТРК» АҚ бұрынғы Басқарма төрағасы Нұртілеу Иманғалиұлы болды. Екінші кезеңде Сағат Әшімбаевтың зайыбы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Шәрбану Бесйенованы қатыстыра отырып, комиссия шешім шығарды.

 

Факультет деканы берген мінездеме, оқу үлгерімін растайтын құжат, БАҚ-та жарық көрген материалдары, С.Әшімбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы рефератпен таныса келе, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің І курс студенті Дастан Қастайдың жұмысы үздік деп танылды. Жеңімпазға алғашқы стипендияны белгіллі тұлғаның ұлы Мәулен Әшімбаев табыстады.

 

«Әкем саналы ғұмырында ұлттық рухты жаңғыртуға, тілді сақтап қалуға қызмет етті. Әрбір бағдарламасы, әрбір мақаласы осы мақсатқа арналды. Бүгінгі жүлде де ұлтжанды азаматтардың болашағы үшін қажет», - деді өз сөзінде М.Әшімбаев. Айта кетейік, алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқау бұдан кейін дәстүрге айналмақ.
 

 

Айта кетейік, алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқау бұдан кейін дәстүрге айналмақ.

 

 

 


Источник: http://kaztrk.kz/news/portal/qazaqstan-rtrk-aq-zhariyalagan-sagat-ashimbaev-atyndagy-stipendiya-iegeri-anyqtaldy-87709
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на http://kaztrk.kz

 

Тақырып бойынша материалдар

«QAZAQSTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТАПСЫРЫСЫМЕН ТҮСІРІЛГЕН «БАЛЕТ. БЕКЗАДА ӨНЕР БЕСІГІ » ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
17:25, 22 қараша 2017
«QAZAQSTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТАПСЫРЫСЫМЕН ТҮСІРІЛГЕН «БАЛЕТ. БЕ...
Толығырақ...
ЖАПОНДЫҚ «NHK» ТЕЛЕРАДИОКОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН АСТАНА ЖАЙЛЫ БАҒДАРЛАМА КӨРСЕТТІ
16:39, 25 қазан 2017
ЖАПОНДЫҚ «NHK» ТЕЛЕРАДИОКОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН АСТАНА ЖАЙЛ...
Толығырақ...
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ
17:27, 17 қазан 2017
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"ЖАС МАМАН" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
22:53, 6 сәуір 2021
"ЖАС МАМАН" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Толығырақ...
ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ СЕНБІЛІК
00:18, 5 сәуір 2021
ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ СЕНБІЛІК
Толығырақ...
АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕГЕН ДҰРЫС
23:53, 5 сәуір 2021
АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕГЕН ДҰРЫС
Толығырақ...