ШҰҒЫЛ! 16.04.2021 COVID-19 ДЕРТІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА ҚАЛЫПТАСҚАН ЖАҒДАЙ Толығырақ

Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді

17:19, 7 ақпан 2017

2017 жылдың 8 ақпанында сағат 18:50-де «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді. Универсиада ойындарының жабылу салтанаты 1,5 сағатқа созылып,  «Алматы -Арена» кешенінде  өтеді. Көрермендер қызықты оқиғаларға толы шоу-бағдарлама тамашалайтын болады. Сондай-ақ, аталмыш шараға Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатысады.

Жабылу салтанатындағы қызықты сәттердің бірі – келесі Универсиада ойындарының эфстафетасын қабылдап алатын Красноярск қаласының «визиттік картасы» болмақ. Осы елеулі оқиғаға байланысты, шараға Красноярск қаласының басшылығы мен шығармашылық тобынан тұратын делегация қатысады.

«Қазақстан» РТРК» АҚ - Алматыда өткен 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарының ресми ақпараттық серіктесі. Телерадиокорпорацияның құрамына кіретін «Kazsport» телеарнасы Универсиаданың бас хабар таратушысы және Универсиада Алау эстафетасының ресми таратушысы. «Kazsport» телеарнасының Қысқы ойындардан хабар таратуы Қазақстанның барлық облыс орталықтарында өткен Алау жағу салтанатынан басталған болатын. 

Корпорация сайтында онлайн және  https://kaztrk.kz/kz/Universiade2017 арнайы айдарынан ақпарат беріліп отырады.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы медальдар саны бойынша жалпы есепте екінші орынды сақтап қалды. Құрама қоржынында әзірге 11 алтын, 6 күміс, 11 қола жүлде бар. Универсиада чемпиондары: шаңғышы Иван Люфт, Алина Райкова, фристайлшылар Бағлан Іңкәрбек пен Жанбота Алдабергенова, шаңғышы Галина Вишневская, аралас командалық спринтте үздік шыққан Анна Шевченко мен Олжас Климин, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен және фристайлшылар Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд.

Жабылу салтанатының шарықтау шегі – FISU жалауын келесі форум астанасы  – Красноярск қаласына беру сәті болмақ. Көрініс жастар ұйымшылдығы мен Қазақстан халқы бірлігінің жарқын символына айналады.

Тақырып бойынша материалдар

«QAZAQSTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТАПСЫРЫСЫМЕН ТҮСІРІЛГЕН «БАЛЕТ. БЕКЗАДА ӨНЕР БЕСІГІ » ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
17:25, 22 қараша 2017
«QAZAQSTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТАПСЫРЫСЫМЕН ТҮСІРІЛГЕН «БАЛЕТ. БЕ...
Толығырақ...
ЖАПОНДЫҚ «NHK» ТЕЛЕРАДИОКОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН АСТАНА ЖАЙЛЫ БАҒДАРЛАМА КӨРСЕТТІ
16:39, 25 қазан 2017
ЖАПОНДЫҚ «NHK» ТЕЛЕРАДИОКОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН АСТАНА ЖАЙЛ...
Толығырақ...
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ
17:27, 17 қазан 2017
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АДАМЗАТТЫҢ ҒАРЫШҚА АЯҚ БАСҚАНЫНА - 60 ЖЫЛ
23:54, 12 сәуір 2021
АДАМЗАТТЫҢ ҒАРЫШҚА АЯҚ БАСҚАНЫНА - 60 ЖЫЛ
Толығырақ...
КИІК МҮЙІЗІНІҢ ІРІ ПАРТИЯСЫМЕН ҰСТАЛДЫ
23:44, 12 сәуір 2021
КИІК МҮЙІЗІНІҢ ІРІ ПАРТИЯСЫМЕН ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...