ШҰҒЫЛ! БАПТАЙ БІЛСЕҢ, ЖЕР ЖОМАРТ Толығырақ

04.05.2021 Ж COVID-19 ДЕРТІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА ҚАЛЫПТАСҚАН ЖАҒДАЙ

19:27, 4 мамыр 2021

COVID-19 дерті бойынша облыста тәулік ішінде 73 дерек тіркелген. 15 мыңнан астам адам сауығып шықса, 286 адам қауіпті індеттен көз жұмды. Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша БҚО «қызыл» аймақта. Екпенің маңыздылығын сезінген батысқазақстандықтар емханаларға барып жатыр.  Бүгінгі мәлімет бойынша облыста 46 095 адам вакцинаның І компонентін, ал 15 006 адам ІІ компонентін алған. Аймақта 30 вакциналау пункті бар. Екпе салу кабинеттерінің жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін. Алдын ала жазылым арқылы демалыс күндері де жұмыс істейді. Толық ақпаратты 24-55-22 телефон нөмірінен және 109 бірыңғай call-орталығынан алуға болады. Бұдан бөлек Орал қаласында көшпелі екпе салу бригадалары кәсіпорын мекемелерге арнайы барып, екпе салу жұмыстарын жүргізеді. Ал, ауыл-елдімекендерге жылжымалы екпе салу бригадалары барып, ниет білдірген тұрғындарға вакцина салып жатыр. 

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Тақырып бойынша материалдар

07.05.2021 Ж COVID-19 ДЕРТІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА ҚАЛЫПТАСҚАН ЖАҒДАЙ
18:04, 7 мамыр 2021
07.05.2021 Ж COVID-19 ДЕРТІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА ҚАЛЫПТАСҚАН ЖАҒД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар