
Құрметті телекөрермендер, ертең, 20 ақпан күні сағат 19.00-де «Aqjaıyq» телеарнасының тікелей эфирінен облыс әкімі Ғали Есқалиевтің халық алдындағы есебі көрсетілетінін еске саламыз. Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында аймақ басшысы өңірдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы мақсат-міндеттер туралы баяндайды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо