
Тасқалада толымды істер көп. Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауданда түрлі жобалар жүзеге асты. Білім ордалары мен мәдениет үйлері жөндеуден өтіп, көшелерге жарық шамдар орнатылды. Күтімі келіспеген 4 медициналық пунктке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Былтыр жаңа келбетке еніп, заманауи құралдармен жабдықталған дәрігерлік амбулаториялардың бірі Мерей ауылдық округінде орналасқан.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо