
9 ақпан - қазақ әдебиетінің отты найзағайы атанған Мұқағали Мақатаевтің туғанына – 90 жыл. Бүгінде шайырдың туған күні қазақ поэзиясының үлкен мерекесінің біріне айналып үлгерді. Осыған орай қалалық жастар мәдениет үйінің кәсіби өнер ұжымдары арасында ақын шығармашылығына арналған байқау өткізілді. Қатысушылар жыр жүйрігінің сөзіне жазылған әндерді орындап, өлеңдерін оқыды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо