
Бүгін Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. zoom платформасы арқылы ұйымдастырылған онлайн жиынға облыстық және аудандық кеңес мүшелері қатысты. Үш мәселе қаралып, аталған ұйымның ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылды. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысы, жастарды рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру да сөз болды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо