
Жуырда облыс әкімі Ғали Есқалиев жеміс-жидек өсірумен айналысатын өңір тұрғындары гранттық қолдауға ие болатынын айтқан еді. Жаңа бизнес-идея – жергілікті нарықтағы жеміс-жидек бағасын тұрақтандыруды және бағбандарды мемлекетік қолдау мақсатын көздейді. Ауласында бау-бақша өсіретін жерлестерімізге тәжірибелі бағбандар тәлімгер болмақ. Олар жеміс ағаштарының көшеттерін ұсынумен қатар баптау бойынша кеңестерімен де бөлісіп отырмақ. Тәжірибелі бағбан Ермек Абдулов алақандай ауладан алған өніммен тұтас ауылды асырауға болатынын айтады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо