
Өңірде коронавирус жұқтыру бойынша аурушаңдық деңгейі төмендеп келеді. Әйткенмен, балалардың қатерлі кеселді жұқтыруы азаймай отыр. Облыстық және қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулысына сәйкес 8-12 ақпан аралығында 13 мектеп карантинге жабылған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері баяндады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо