
Ақжайық өңірі – күй атасы Құрманғазы, Дина секілді дәулескер күйшілердің, үш жүзден ән оздырған Мұхит пен Ғарифолланың туған жері. Қазақ өнерінде есімі алтын әріппен таңбаланған өзге де өнер иелерінің отаны. Олардың ізбасарлары қазір де аз емес. Бөкейордасы ауданында күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай «Күй анасы-Дина» атты домбырашылардың онлайн-байқауы өтті. Ұлы тұлғаны ұлықтап, төл өнерді түлетуге арналған сайысқа аудан бойынша 30 үміткер қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо