ШҰҒЫЛ! МІНДЕТІН МҮЛТІКСІЗ ОРЫНДАҒАНДАР Толығырақ

11.05.2021 Ж COVID-19 ДЕРТІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА ҚАЛЫПТАСҚАН ЖАҒДАЙ

20:32, 11 мамыр 2021

COVID-19 дерті бойынша облыста тәулік ішінде 108 дерек тіркелген. 16 мыңға жуық адам сауығып шықса, 294 адам қауіпті індеттен көз жұмды. Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша БҚО «қызыл» аймақта. Екпенің маңыздылығын сезінген батысқазақстандықтар емханаларға барып жатыр.  Бүгінгі мәлімет бойынша облыста 57 444 адам вакцинаның І компонентін, ал 21 947 адам ІІ компонентін алған. Аймақта 30 вакциналау пункті бар. Екпе салу кабинеттерінің жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін. Алдын ала жазылым арқылы демалыс күндері де жұмыс істейді. Толық ақпаратты 24-55-22 телефон нөмірінен және 109 бірыңғай call-орталығынан алуға болады. Бұдан бөлек Орал қаласында көшпелі екпе салу бригадалары кәсіпорын мекемелерге арнайы барып, екпе салу жұмыстарын жүргізеді. Ал, ауыл-елдімекендерге жылжымалы екпе салу бригадалары барып, ниет білдірген тұрғындарға вакцина салып жатыр. 

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ 4-ШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
21:38, 18 маусым 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ 4-ШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАРЫМТАШЫЛАР ІСІНЕ ӘЛІ НҮКТЕ ҚОЙЫЛМАДЫ
19:24, 14 маусым 2021
БАРЫМТАШЫЛАР ІСІНЕ ӘЛІ НҮКТЕ ҚОЙЫЛМАДЫ
Толығырақ...