
Өңірде ата-ана тәрбиесінен тыс қалған балалар саны артып отыр. Бірқатар отбасында ұрыс-керіс пен ішімдікке салыну салдарынан бала тәрбиесі ақсап тұр. Тек жыл басталғалы облыс орталығында 47 отбасы осындай жағдайларға орай жергілікті полиция қызметкерлерінің тізіміне іліккен. Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырсында осы мәселе қаралды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо