
Бірер күннен соң қыстың соңғы айы да аяқталмақ. Ақпанда ауа-райының құбылмалы болып, біресе қар, біресе жаңбырдың жаууы қар қорын молайтып, тоңды қалыңдатты. Болжам бойынша, алдағы наурыз-сәуір айлары да жауын-шашынға толы болмақ. Сондықтан мамандар өңірде көктемгі су тасқыны болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. «Қамданған қапы қалмайды» демекші, көктемгі су тасқыны мен далалық жұмыстарға дайындық барысы бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен басқосуда пысықталды. Жиынға селекторлық режимде қала және аудан әкімдері мен салалық басқарма басшылары қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо