
Облыс әкімдігінде онлайн форматта өткізілген кеңесте өңірде ауыл шаруашылығы саласын дамыту, кооперативтерге біріктіру және инвестиция тарту арқылы құрылыс қарқынын арттыру мәселелері талқыланды. Өндіріс және тұтыну кооперативтерін құру, агроөнеркәсіп өнімдерінің көлемі мен өңдеу сапасын арттыру - бүгінгі күн талабы. Облыс әкімі Ғали Есқалиев сала басшыларына кооперативке біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын өркендету туралы нақты тапсырмалар жүктеді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо