
Қалаішілік жолдардың бірінде көлік жүргізушілерінің 90 пайызы жылдамдықты шамадан тыс асырған. Бұл – жаңа жобаны сынақтан өткізу барысында анықталған бір ғана мысал. Қазіргі таңда облыс орталығындағы қауіпсіздікті 406 бейнекамера бақылайды. Олардың жұмыс нәтижесі және жедел басқару орталығының тыныс-тіршілігімен өңір басшысы Ғали Есқалиев арнайы танысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо