
Аймақтың инвестициялық ахуалы жыл санап жақсарып келеді. Ең бастысы – сауда орталықтары мен ойын-сауық орындарынан гөрі, жеке әлеуметтік нысандар ашуға ниет танытқан кәсіпкерлердің көбейгені қуантады. Бүгін өңірлік инвестициялық кеңесте жалпы сомасы 70 млрд теңгеге жуық 5 ірі жобаны мақұлдады. Бұл 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Айталық, инвесторлардың бірі Теректі ауданы аумағында керамзит зауытын салуды көздеп отыр. Ал Бәйтерек ауданында газ құю өндірісі қолға алынбақ. Ал, тағы бір инвестор спорт кешенін салуды жоспарлаған. Тағы екі жоба, ауыл шаруашылығы саласында іске асады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо