
Көрнекі ақпараттарда қателер қаптап жүр. Өнім қаптамалары мен мекемелердің маңдайшасындағы сауатсыз жазбаларға қатысты 3 жарым мыңға жуық шағым түскен. Бұдан былай хабарландыру тақтайшаларындағы жарнамаларда мемлекеттік тілді қолдану міндеттелуі мүмкін. Осы кемшілікті жою үшін мәжілісте тиісті заңға өзгерістер енгізілді. Бұл мемлекеттік және басқа да тілдерде деректемелерді орналастыру тәртібін құқықтық тұрғыдан реттейді. Сондай-ақ енді фильмдерді қазақ тіліне дұрыс аудармаған компаниялар прокаттау құжатынан айырылады.