
Өңірде іссапармен келген еліміздің төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Бөрлі ауданында болды. Министр алдымен Жарсуат ауылына барып, Жайық өзені жағалауын бекіту жұмыстарын көрді. Кейін Ақсай қаласында бой көтеруі тиіс модульдік өрт сөндіру бөлімінің жобасымен танысты. Оқу-жаттығу жиынына қатысып, төтенше жағдай кезінде шұғыл ден қою жөніндегі аймақтық тренинг-орталық жобасының тұжырымдамасын талқылады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо