
2021 жылғы 23 ақпанда Ресей Федерациясындағы «Союз» магистральдық газ құбырының 108 шақырымында жарылыс пайда болды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін «Союз» және «Орынбор-Новопсков» магистральдық газ құбырлары арқылы газ беру тоқтатылды. Тиісінше, Ресей газының транзиті және Қарашығанақ газын Орынбор ГӨЗ-інен жеткізу тоқтатылды. Батыс Қазақстан облысының тұтынушыларын газбен жабдықтау үшін «Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбырынан ресурстарды қайта бағыттау бойынша жұмыстар жүргізіліп, астана уақытымен 15:19-да аяқталды. Батыс Қазақстан облысына газ жеткізу жұмыстарында ешқандай іркіліс болған жоқ. Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жүйесінің барлық объектілері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Аталған жағдай ҚР Энергетика министрлігінің бақылауында.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо