
Ел Президенті Қ. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы көпшілік тарапынан қолдауға ие болды. Аталған мақалада экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, білім сапасын жақсарту, жастардың тәлім-тәрбиесі сияқты еліміз үшін маңызды мәселелер көтерілген. Ұлтымыздың бай тарихын, салт-дәстүрін, болмысын бүгінгі ұрпақ біліп өсуі тиіс. Мемлекет басшысының мақаласымен танысқан М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ұжымы осылай дейді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо