
Соңғы күндері Орал қаласында коронавирус індетіне қарсы екпе алу белсенділігі байқалады. Түрлі сала қызметкерлері ресейлік вакцинаны қабылдауда. Олар иммунитетті қалыптастырып, қауіпті вирустан қорғанудың тиімді әрі пайдалы тәсілі екпе алу екеніне сенімді. Қазіргі таңда қалалық емханаларда қосымша бөлмелер ашылып, мобильдік топтар ірі кәсіпорындардың жұмыс орнында екпе салуға дайындық үстінде.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо