ШҰҒЫЛ! КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛАЙЛЫ АУДАН Толығырақ

13.07.2021 COVID-19 ДЕРТІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА ҚАЛЫПТАСҚАН ЖАҒДАЙ

COVID-19 дерті бойынша облыста тәулік ішінде 142 дерек тіркелген. 21 мыңға жуық адам сауығып шықса, 443 адам қауіпті індеттен көз жұмды. Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша БҚО «қызыл» аймақта. Екпенің маңыздылығын сезінген батысқазақстандықтар емханаларға барып жатыр. Бүгінгі мәлімет бойынша облыста 137 096 адам вакцинаның І компонентін, ал 75 657 адам ІІ компонентін алған. Аймақта 66 вакциналау пункті бар. Екпе салу кабинеттерінің жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін. Алдын ала жазылым арқылы демалыс күндері де жұмыс істейді. Толық ақпаратты 24-55-22 телефон нөмірінен және 109 бірыңғай call-орталығынан алуға болады. Бұдан бөлек Орал қаласында көшпелі екпе салу бригадалары кәсіпорын мекемелерге арнайы барып, екпе салу жұмыстарын жүргізеді. Ал, ауыл-елдімекендерге жылжымалы екпе салу бригадалары барып, ниет білдірген тұрғындарға вакцина салып жатыр.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо