ШҰҒЫЛ! ПРЕМЬЕР-МИНИСТР САПАРЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА 475 ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі БҚО бойынша департаменті биылғы шілдеге дейін 475 заңбұзушылықты анықтаған. Сонымен қатар жыл басталғалы Әдеп жөніндегі кеңестің 6 отырысы өткізілсе, оның бәрі де пандемияға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылған. Жалпы аталған кезеңде Әдеп жөніндегі кеңесте 21 мәселе қаралса, оның 11-і немесе 52,4 пайызы алдын алу іс-шараларына бағытталған. Қалған он мәселе тәртіптік істерге арналды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында сала басшысы баяндады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо