ШҰҒЫЛ! ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ Толығырақ

ҮШ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Жол апаты үш адамның өмірін қиды. Оқиға бүгін таңғы сағат 8:50 уақыт шамасында Самара-Шымкент тас жолында тіркелді. Фольксваген Шаран автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қарама қарсы бетте тұрақта тұрған Мерседес маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Жол апатының салдарынан 1987 және 1988 ж.т 2 әйел адам және 1976 ж.т  ер адам оқиға орнында көз жұмды. Жеңіл автокөліктің ішіндегі қалған 3 жолаушы мен жүргізуші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. БҚО ПД жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін және ауа-райының өзгеруіне байланысты жолға шықпауын ескертеді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо