Оралдағы Атамекен жазғы лагерінде мектеп оқушыларының далалық оқу -жаттығуы басталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін жиынға облыс орталығындағы білім ошақтарынан 1000-ға тарта оқушы қатыстырылуда. Бес күндік оқу жаттығу барысында оқушылар бастапқы әскери дайындық сабақтарында алған теориялық білімдері мен шеберліктерін пысықтайды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо