ШҰҒЫЛ! ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ Толығырақ

АНТЫНА АДАЛ АЗАМАТ

Еліміздің әр өңірінде орын алған қарулы қақтығыстар кезінде қаза тапқандар қатарында жерлесіміз Ринат Қамбетов те бар. Алматы полиция департаменті  Алмалы аудандық полиция басқармасының старшинасы қызметін абыроймен атқарып жүрген атпалдай азамат содырлардың қызметтік ғимаратқа шабуылы кезінде оққа ұшқан. Отан алдындағы антына адал қызметкердің жасы небары 33-те еді. Марқұмның артында өзегін өкініш өртеген әулеті, жас жұбайы мен қос құлыны қалды. 
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо